Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚОЛМА-ҚОЛ ШЕТЕЛДІК ВАЛЮТАМЕН АЙЫРБАСТАУ ОПЕРАЦИЯЛАР...

Информация о документе
Датапятница, 23 февраля 2018
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 23 февраля 2018

Қолма-қол шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктері жөніндегі мәліметтер нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 278 бұйрығы

 

 Осы редакция 2019 жылғы 3 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қолма-қол шетел валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктері жөніндегі мәліметтер нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

Б. Сұлтанов

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом