«Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2011 жылғы 20 қантардағы № 18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 604 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 148 бұйрығымен күші жойылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 6-тармағына, 167-бабының 11)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2011 жылғы 20 қантардағы № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6755 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 16 сәуірдегі № 129-130 (26550-26551) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын осы бұйрықтың 1-49 қосымшаларына сәйкес бекітілсін»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушыларының қаулыларының үлгілік нысандары осы бұйрықтың 1-49 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасының Әділет министрі | Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 604 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 20 қаңтардағы
№ 18 бұйрығына
1-қосымша
Нысан