Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 92 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ұлытау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 3 шілдедегі № 259 шешімі
Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 92 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы | Б. Шингисов |
Ұлытау облыстық
мәслихатының XXVIIсессиясының
2025 жылғы 3 шілдедегі
№ 259 шешіміне қосымша
Ұлытау облыстық мәслихатының
VIII сессиясының
2023 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 92 шешіміне қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша тізбесі
1. «Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы» - «Этеплирсен» препараты;
2. «Муковисцидоз» - «Тобрамицин» препараты;
3. «Өкпе артериялық гипертензиясы ересектер» - «Силденафил» препараты;