«Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 54 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 88 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20474 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
15-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
18-қосымшада:
«Банк, банк клиенттері, банктің өнімдері мен көрсететін қызметтері, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз операциялар, банк клиенттерінің сыртқы экономикалық келісімшарттары және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
«32. 8.1 және 9.1-жолдарда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33512 болып тіркелген «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бірлескен қаулысы мен бұйрығына 12-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректер нысанына сәйкес есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк ұсынатын, есепті кезеңде валютаны репатриациялау мерзімі бұзылған келісімшарттар бойынша бұзушылықтардың жалпы сомасы көрсетіледі.».