Введите номер документа
Прайс-лист

«Кернеуі 35-110 киловольт электр берудің әуе желілерін пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығына 24-қосымша) (2025.16.03. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 6 января 2017
Статус
Действующийвведен в действие с 20 мая 2017
Дата последнего изменениявоскресенье, 16 марта 2025

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2017 жылғы 6 қаңтардағы

№ 2 бұйрығына

24 қосымша

 

 

Кернеуі 35-110 киловольт электр берудің әуе желілерін пайдалану жөніндегі

әдістемелік нұсқаулар

(2025.16.03. берілген өзгерістермен)

 

 

1 бөлім. Жалпы ережелер

 

ҚР Энергетика министрінің 2021.27.12. № 411 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.27.02. № 103-н/қ бұйрығымен (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Осы Кернеуі 35-110 киловольт электр берудің әуе желілерін пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқаулар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Аталмыш Әдістемелік нұсқауларда келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) байқау - бұл ӘЖ жолының және барлық элементтерін көзбен шолу арқылы тексеру үшін ӘЖ-ні қарап шығу;

2) көкмұз - тығыздығы (0,6-0,9) 103 килограмм/куб метр (бұдан әрі - кг/м3) қатты мұз немесе тығыздығы (0,2-0,3) 103 кг/м3 қарға ұқсайтын кристалдық тұнба бейнесіндегі мұздақ (қырау), немесе мұз, мұздақ және сулы қар қатпарынан тұратын қоспа түрінде пайда болады;

3) көкмұзды еріту - электр тогымен қыздыру арқылы ӘЖ сымдарынан жәй тартқыш сым арқандарынан көкмұзды кетіру;

4) сымдардың жай тартқыш сым темірлердің билеуі - үлкен амплитудалы (мөлшермен 0,3-5 м) және шағын жиіліктегі (0,3-2 Гц) сымдардың, жай тартқыш сым темірлердің тербелуі;

5) тарту - электр берудің әуе желілері сымдарын (сым темір) тартатын сымның (сым арқанның) осі бойымен бағытталған күш.

 

 

2 бөлім. Қолданылу саласы

 

3 Әуе желілерін (бұдан әрі - ӘЖ) пайдалану олардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған техникалық қызмет пен күрделі жөндеу өткізуден тұрады.

4. ӘЖ техникалық қызметі ӘЖ элементтерін мерзімімен бұрын тозудың алдын алуға бағытталған шаралар кешенінен тұрады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами