Введите номер документа
Прайс-лист

«Электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 186 бұйрығы (2023.25.03. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датасреда, 8 июня 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 28 июня 2022
Дата последнего изменениясуббота, 25 марта 2023

Электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 186 бұйрығы

(2023.25.03. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістеме бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

Е. Карашукеев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

2022 жылғы 8 маусымдағы

№ 186 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі

әдістеме

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-11) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрондық топырақ карталарын жасау кезінде қолданылады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023.03.03. № 81 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) географиялық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ГАЖ) – Жер туралы, жер бетінің объектілері, табиғи, техногендік және қоғамдық процестер туралы кеңістіктік ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, модельдеуді, сақтауды, таратуды және өзгеше пайдалануды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом