«Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің, Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының және олардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 18 наурыздағы № 15/қе бұйрығы
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17630 болып тіркелген, «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 6 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы тізілімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының және олардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.