Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 20/17 шешімі
Осы редакция 2022 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 569, 576-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3577 болып тіркелді, «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттерінде 2016 жылғы 28 қаңтарда жарияланды);
«Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы мөлшерлемелерiн бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/6 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы № 13/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4149 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 сәуірде жарияланды).
3. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: