Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кәсіптік стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 5 қарашадағы № 385 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 5 ноября 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 23 ноября 2024
Дата последнего изменениявторник, 5 ноября 2024

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кәсіптік стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 5 қарашадағы № 385 бұйрығы

 

«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен бекітілген, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекетттік тіркеу реестрінде тіркелген № 33401) Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кәсіптік стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттарды күтіп ұстау және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік альпинизм қызметтері» кәсіптік стандарт бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қала құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы

Қ. Қажкенов

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!