«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 168 бұйрығы
(2024.14.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 19 шілдедегі № 270 бұйрығымен күші жойылды (2024 ж. 22 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.26.03. № 109 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 14 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы | К. Ускенбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрінің
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 168 бұйрығына
қосымша