Аккредиттелген зертханалардың тізбесін бекіту қағидалары туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 554 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 790-бабы 3-тармағана сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұсынылған Аккредиттелген зертханалардың тізбесін бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі | Е. Нагаспаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
2025 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 554 бұйрықпен
бекітілген
Аккредиттелген зертханалардың тізбесін бекіту
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аккредиттелген зертханалардың тізбесін бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 790-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және аккредиттелген зертханалардың тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) бекіту тәртібін белгілейді.
Тізбеде сатылатын минералдық шикізаттағы қатты пайдалы қазбалардың құрамын растауды жүзеге асыратын аккредиттелген зертханалар туралы мәліметтер қамтылады.