Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ» ҚАЗ...

Информация о документе
Датапятница, 1 сентября 2023
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 1 сентября 2023

Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 755 Қаулысы

 

Осы редакция 2026 ж. 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті кәсіпорынға және осы қаулыға қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерге қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып;

2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы экономикалық бағалауын қамтитын жерлердің сапасын есепке алу және жерлердің мониторингін жүргізу, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қараулар және топыраққа бонитирлеу жүргізу болып айқындалсын.

3. Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;

2) кәсіпорынды тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуді;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом