Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 247 бұйрығы
(2018.18.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 22 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 151-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды қарау және іріктеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 6 сәуір
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 247 бұйрығымен бекітілген
Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді
іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң
ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды қарау және іріктеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер