Введите номер документа
Прайс-лист

«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2024 жылғы 10 мамырдағы № 184 бұйрығы (2025.02.09. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 10 мая 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 26 мая 2024
Дата последнего изменениявторник, 2 сентября 2025

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2024 жылғы 10 мамырдағы № 184 бұйрығы

(2025.02.09. берілген өзгерістермен)

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Төтенше жағдайлар министрінің

міндетін атқарушы

 

 

Б. Сыздыков

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар

министрінің міндетін

атқарушы 2024 жылғы

10 мамырдағы

№ 184 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың

 тізбесі

 

1. «Азаматтық қорғау органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін және Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23829 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларында:

2-қосымшаның 16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Әскери қызметіне қатысы_______________________________

(әскери міндетті, әскери міндетті емес, әскери есептегі мамандығы, әскери атағы, әскери билеттің номері және жеке номері (бар болса))».

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом