Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ 2025-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН Б...

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 24 декабря 2024
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 24 декабря 2024

Талдықорған қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы
Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29-174 шешімі

 

Осы редакция 2025 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 47 675 782 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 12 907 200 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 1 174 399 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 544 808 мың теңге;

трансферттер түсімі 33 049 375 мың теңге;

2) шығындар 47 675 782 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу (-) 167 522 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 108 745 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 276 267 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) 167 522 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) (-) 167 522 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 108 745 мың теңге;

қарыздарды өтеу 276 267 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.

2. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2025 жылға арналған резерві 287 946 мың теңге сомасында бекітілсін.

3. 2025 жылға арналған қала бюджетінде қала бюджетінен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 221 238 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Еркін ауылдық округіне 184 141 мың теңге;

Өтенай ауылдық округіне 37 097 мың теңге.

4. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы

Т. Ахажан

 

Талдықорған қалалық мәслихатының

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами