Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 398 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ.Демеуовке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр полиция генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов
2014 жылғы 4 шілде
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 3 шілдедегі
№ 398 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін
өзгерістер тізбесі