Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 15 маусымдағы № 3 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі — Агенттік) Биржалық бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы | М. Омаров |
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің
2026 жылғы 15 маусымдағы
№ 3 бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесі
1. «Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22439 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауар биржасы ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жалпыға бірдей қолжетімді цифрлық жүйелер арқылы монополияға қарсы органға есеп жібереді.»;
Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларына қосымшада: