«Семей қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 20/129-VІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 24 қарашадағы № 36/249-VII шешімі
Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Семей қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 20/129-VIІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26223 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1- қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 57 133 117,3 мың теңге:
салықтық түсімдер – 32 794 771,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 400 125,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7 555 491,8 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 16 382 729,0 мың теңге;
2) шығындар – 60 914 316,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 500 118,7 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 712 789,7 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 212 671,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -4 281 317,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 281 317,6 мың теңге:
қарыздар түсімі – 7 330 616,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 6 431 352,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 382 053,6 мың теңге;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихаттың хатшысы | Б. Ақжалов |
Абай облысы
Семей қаласы мәслихатының
2022 жылғы 24 қарашадағы
№ 36/249-VII шешiмге
қосымша
2021 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 20/129-VІI шешiмге
1-қосымша
Семей қаласының 2022 жылға арналған бюджеті
| Санаты | Сомасы (мың теңге) |
| Сыныбы |
| | Кіші сыныбы |
| | | Атауы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |