«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 884 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
1-тармағының төртінші - тоғызыншы абзацтары 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
125) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«125) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас және өңірлік схемаларын дайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 125-1) тармақшамен толықтырылсын:
«125-1) Қазақстан Республикасын газдандырудың өңірлік схемаларын келіседі;»;
126) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«126) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзірлейді және бекітеді әрі оның іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;»;