Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 317 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 36-бабы 3 және 7-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі - Даму жоспары);
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2026-2030 жылдарға арналған инвестициялық жоспары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жыл сайын 20 қаңтардан кешіктірмей Экономика және қаржы департаментіне Даму жоспарының іске асырылуы туралы ақпарат берсін.
4. Экономика және қаржы департаменті:
1) осы бұйрықты мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін;
2) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау аппарат басшысына жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі | С. Жұманғарин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Ұлттық экономика министрінің
2025 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 317 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары
1-бөлім. Пайымы