«Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 127-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 117-ө Өкімі
«Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 127-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөнінде кеңес құру туралы»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.»;
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 7 тамыздағы