Концессия жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қабылдаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 41 Қаулысы
Осы редакция 2021 жылғы 5 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 162-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 512352866667 (бес жүз он екі миллиард үш жүз елу екі миллион сегіз жүз алпыс алты мың алты жүз алпыс жеті теңге) көлемінде «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ)» автомобиль жолын салу және пайдалану» концессия жобасы (бұдан әрі - жоба) бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелері қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жоба бойынша концессия шартын жасауға өкілеттік берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі концессия шарты бойынша мемлекеттің қаржы міндеттемелерін қабылдау және орындау есебін жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 6 ақпандағы
№ 41 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қабылданған мемлекеттік
концессиялық міндеттемелерінің жылдар бойынша көлемі
Қолжетімділік үшін төлемақы төлемдерінің кестесі
Қолжетімділік үшін болжамды төлемақының жалпы базалық сомасы (концессия шартының талаптарында көзделген валюталық өтеуді, сондай-ақ қолжетімділік үшін төлемақыны түзетуді ескерусіз) 512 352 867 мың теңгені (оның ішінде инвестициялық шығындарды өтеу (ШПӨ) - 176 724 305 мың теңге, пайдалану шығындарын өтеу (ПШӨ) - 28 031 259 мың теңге, басқару сыйақысы (БС) - 307 597 303 мың теңге) құрайды, оның ішінде жылдар бойынша: