«Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау қағидаларын және Оларға қатысты сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 157 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2021 жылғы 28 шілдедегі № 73 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 143 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау қағидаларын және Оларға қатысты сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16814 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесі бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;