«Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 26 ақпандағы № 32/478 шешімі
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 7/97 шешімімен күші жойылды
«Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12705 болып тіркелген) сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Б. Уандықов |
| Облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы | Ә. Сахимов |
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2016 жылғы 26 ақпандағы
№ 32/478 шешімімен бекітілген
«Маңғыстау облыстық мәлихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесі
1. Жалпы ережелер