Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 607 Қаулысы
(2015.15.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 3 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 маусымдағы
№ 607 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін
өзгерістер
1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
| Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі |
| Қуандықов Болатбек Баянұлы | - | Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы; |
мына:
| «Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы | - | Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, хатшы |
| Досаев Ерболат Асқарбекұлы | - | Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
| «Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы | - | Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы |
| Досаев Ерболат Асқарбекұлы | - | Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі»; |