Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 475 бұйрығы
(2019.24.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 43-Ө бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.11.09. № 379 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мырзахметов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 475 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Су ресурстары комитеті туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер