2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № С-25/2 шешімі
Осы редакция 2023 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 47 614 871,0мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 36 784 371,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 214 826,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 753 257,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 8 862 417,0 мың теңге;
2) шығындар - 52 328 445,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 144 655,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 72 450,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 217 105,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 4 568 919,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 4 568 919,0 мың теңге.
2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52 бабының 1 тармағына сәйкес кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерінде белгіленді:
1) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша - 100%;
2) Көкшетау қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша - 100%;
3) Көкшетау қаласының бюджетіне ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша - 50 %.
3. Қалалық бюджет шығындарында 28 286 976,0 мың теңге сомасында облыс бюджетіне бюджеттік алымдар алу қарастырылғаны ескерілсін.
4. Қалалық бюджет шығындарында 671 379,0 мың теңге сомасында кент, ауылдық округ бюджетіне бюджеттік субвенциялар қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:
Краснояр ауылдық округіне 574 827,0 мың теңге сомасында;