Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ...

Информация о документе
Датавторник, 16 октября 2018
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 16 октября 2018

«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 646 Қаулысы

 

Осы редакция 2022 жылғы 3 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары заңнамада белгіленген тәртіппен біріктіру және қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚМУ» КеАҚ) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Жоғары білім беру, кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі, стационарлары және жалпы дәрігерлік практикасы бар басқа да емдеу мекемелерінің қызметі «ҚМУ» КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) «ҚМУ» КеАҚ жарғысын бекітуді;

2) «ҚМУ» КеАҚ атынан мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және «ҚМУ» КеАҚ органдары құрылғанға дейін үшінші тараптың алдында олардың мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген адамды сайлауды;

3) «ҚМУ» КеАҚ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

4) «ҚМУ» КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне беруді;

5) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом