Введите номер документа
Прайс-лист

«Су объектілеріне жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 254 бұйрығы (2025.20.07. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 16 июля 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 26 июля 2021
Дата последнего изменениявоскресенье, 20 июля 2025

Су объектілеріне жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 254 бұйрығы

(2025.20.07. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 215-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Су объектілеріне жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Экология, геология және табиғи ресурстар

министрі

 

 

М. Мирзагалиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігі

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.03.07. № 182 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2025 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының

Экология, геология және

табиғи ресурстар министрінің

2021 жылғы 16 шілдедегі № 254

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом