Введите номер документа
Прайс-лист

«Облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған негізгі шарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 848 Қаулысы (2016.19.04. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датасреда, 28 октября 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 12 ноября 2015
Дата последнего измененияпонедельник, 9 мая 2016

Облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған негізгі шарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 848 Қаулысы

(2016.19.04. берілген өзгерістермен)

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабына, «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған негізгі шарттары бекітілсін.

2. Тиісті мәслихаттар 2015 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдерді қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне берсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;

2) бюджеттік кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

4. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2015 жылға бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілуін мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом