Интернатура бағдарламасы бойынша оқыту туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 20 қазандағы № 147 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 221-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған интернатура бағдарламасы бойынша оқыту туралы шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Альназарова |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 20 қазандағы
№ 147 бұйрықпен бекітілген
үлгі нысаны
Интернатура бағдарламасы бойынша оқыту туралы шарт
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары) үшін интернатура бағдарламасы бойынша оқыту туралы 20____ жылғы «___»_____________ Шарт (бұдан әрі - Шарт)
қала (аудан, ауыл) _____________________________________________________
____________________________________________________________________,
(жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы) бұдан әрі «білім беру ұйымы» деп аталатын,