Мемлекеттік экологиялық бақылаудың стационарлық және жылжымалы зертханалары үшін құралдар мен жабдықтар шығысының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 114-Ө бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік экологиялық бақылаудың стационарлық және жылжымалы зертханалары үшін құралдар мен жабдықтар шығысының заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі | Е. Нысанбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2025 жылғы 30 сәуірдегі
№ 114-Ө бұйрығымен бекітілген