Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 77 бұйрығы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидалары көрсетілген бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы | Ж. Шаймарданов |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлiгі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы