Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығы
(2016.25.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Камералдық бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 598 бұйрығымен
бекітілген
Камералдық бақылау жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2016.25.10. № 564 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Камералдық бақылау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 9) тармағына сәйкес әзірленді және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды.