Салықтық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты кейбір мәселелер бойынша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 701 бұйрығы
(2026.17.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабы 4-тармағына, 81-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, 83-бабы 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларына, 86-бабы 1, 2 және 3-тармағына, 87-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшасына, 183-бабы 5-тармағына, 185-бабы 1-тармағына, 186-бабы 1-тармағына, 187-бабы 1-тармағына, 188-бабына, 189-бабы 1, 4 және 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітемін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салықтық берешегінің бар екендігі туралы ескертпе нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салықтық берешегін өтеу туралы хабарлама нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің) касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін өтеу кезінде мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегінің есебіне билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісі нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің салық агентінің салықтық берешегін өтеу кезінде мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлікті түгендеу актінің күшін жою туралы шешімнің нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулының нысаны;