«Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 105 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 78 Қаулысы
Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5900 тіркелген) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 105 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі осы қаулының қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | Е. Тоғжанов |
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2023 жылғы 27 наурыздағы
№ 78 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы 5 наурыздағы
№ 105 қаулысымен бекітілген
Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер