Введите номер документа
Прайс-лист

«Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қазандағы № 306-НҚ бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 30 октября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 31 декабря 2025
Дата последнего изменениячетверг, 30 октября 2025

Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қазандағы № 306-НҚ бұйрығы

 

«Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция

министрінің міндетін атқарушы

 

 

Ж. Кушукова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика

министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция

министрінің міндетін атқарушы

2025 жылғы 30 қазандағы

№ 306-НҚ бұйрыққа қосымша

 

 

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

 

1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген).

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами