Введите номер документа
Прайс-лист

«Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді арнайы экономикалық аймақ қатысушысының орындамағаны туралы акт нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 248 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 28 апреля 2017
Статус
Утратил силу
утратил силу с 13 августа 2019

Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді арнайы экономикалық аймақ қатысушысының орындамағаны туралы акт нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 248 бұйрығы

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді арнайы экономикалық аймақ қатысушысының орындамағаны туралы акт нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом