«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің департаменттері, дербес басқармалары, Қазақстан республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 521 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің департаменттері, дербес басқармалары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
13) «осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі аудит департаменті туралы ереже;»
осы бұйрыққа 13-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр полиция генерал-полковнигі | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 17 мамырдағы
№ 521 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 477 бұйрығына 13-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Ішкі аудит департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі аудит департаментінің (бұдан әрі - Департамент) мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығымен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің үлгілік ережесіне сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Департамент Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрығымен құрылады.