Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ПАНА ҮЙІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ (ҚАЗАҚСТАН РЕ...

Информация о документе
Датавторник, 18 июня 2013
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 18 июня 2013

Осы редакция 2018 жылғы 23 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 18 маусымдағы

№ 229 бұйрығына

4-қосымша

 

 

Пана үйі қызметінің үлгілік қағидалары

 

1. Негізгі ережелер

 

1. Осы Пана үйі қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Неке және отбасы (ерлі-зайыптылық) туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленеді және Пана үйінің қызметін (бұдан әрі - Пана үйі) реттейді.

2. Пана үйі - жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету және бұдан әрі өмірге баулу тәсілімен әлеуметтік көмек беру үшін құрылған білім беру мекемесі.

3. Пана үйі заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкі, өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкте шоты болады және тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердің психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптарына сәйкес әзірлейді.

4. Пана үйі нақты міндеттер мен балаларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу, қызмет режимі ерекшеліктеріне қойылатын талаптарға қарай мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін құрылуы мүмкін.

5. Пана үйі:

1) мемлекеттік көмек пен қолдауды қажет ететін балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге жағдай жасау;

2) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір сүру салтының берік негіздерін қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшін жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом