Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 115-ө өкімі

Информация о документе
Датапонедельник, 21 июня 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 21 июня 2021
Дата последнего измененияпонедельник, 21 июня 2021

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 115-ө өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және ай сайын келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі:

1) тоқсан қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін;

2) тізбенің 7-тармағында көзделген құқықтық акт қабылданғаннан кейін екі ай ішінде жергілікті қоғамдастықтар жиналыстары регламенттерін Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентіне сәйкес келтіруді қамтамасыз етсін.

 

 

Премьер-Министр

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом