«Ақмола облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 7С-12-6 шешімі
Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 8С-13-10 шешімімен күші жойылды
Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Ақмола облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7441 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-8-тармағына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы | М. Балпан |
Ақмола облыстық мәслихатының
2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 7С-12-6 шешіміне
қосымша
Ақмола облыстық мәслихатының
2019 жылғы 25 қазандағы
№ 6С-38-4 шешімімен
бекітілген
Ақмола облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың
үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер