«Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 90 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 24078) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа бекітілген бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 14, 221, 278, 279, 290, 820, 843, 853, 887, 888, 908, 970, 991, 1037 және 1038-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 1136-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 1136 | L02BB05 | Апалутамид | таблетка 60 мг (препараттың әрбір бірлігімен қосымша препараттың 1 бірлігі тегін беріледі) | таблетка |
»;
реттік нөмірі 1154 -жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 1154 | L04AC16 | Гуселькумаб | тері астына енгізуге арналған ерітінді, 100 мг/1,0 мл (препараттың әрбір бірлігімен қосымша препараттың 1 бірлігі тегін беріледі) | автоинжектор |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1226, 1227, 1228, 1229 және 1230 жолдармен толықтырылсын:
«
| 1226 | A04AA01 | Ондансетрон | таблетка 4 мг | таблетка |
| 1227 | A04AA01 | Ондансетрон | таблетка 8 мг | таблетка |
| 1228 | A10BK01 | Дапаглифлозин | созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және бүйректің созылмалы ауруы ауруын емдеуде көрсетілімі бар таблетка 10 мг | таблетка |
| 1229 | A10BH01 | Ситаглиптин | таблетка 50 мг | таблетка |
| 1230 | A10BH01 | Ситаглиптин | таблетка 100 мг | таблетка |
»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын медициналық бұйымдардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: