«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 15 маусымдағы № 145 бұйрығы
(2026.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024.26.07. № 174 бұйрығымен (2024 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.14.04. № 67 бұйрығымен (2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 478 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16301 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);