Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті, археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 132 бұйрығы
(2026.06.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026.18.05. № 233-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 6 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026.18.05. № 233-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 6 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. «Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 29 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10664 тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.