«Семей қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 61/437-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15 қазанда № 16/104-VII шешімі
Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Семей қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 61/437-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8100 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 55 132 649,7 мың теңге:
салықтық түсімдер - 26 255 978,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 238 087,9 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 474 958,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 25 163 625,8 мың теңге;
2) шығындар - 62 935 439,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - -146 039,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 35 004,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 181 043,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 588 570,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 588 570,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -8 245 320,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 8 245 320,6 мың теңге:
қарыздар түсімі - 9 901 249,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 3 951 454,1 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 2 295 525,7 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихаттың хатшысы | Б. Акжалов |
Семей қаласының мәслихаты
2021 жылғы 15 қазандағы
№ 16/104-VII шешiмге
қосымша
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 61/437-VI шешiмге
1-қосымша
Семей қаласының 2021 жылға арналған бюджеті
| Санаты | Сомасы (мың теңге) |
| Сыныбы |
| | Кіші сыныбы |
| | | Атауы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |