Жамбыл облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы
Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 40-13 шешімі
(2024.16.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына және «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихатының өнеркәсіп салаларын, құрылысты, энергетиканы, көлікті, байланыс пен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы | Облыстық мәслихаттың хатшысы |
| А. Бәзіл | Б. Қарашолақов |
Жамбыл облыстық мәслихатының 2022.14.12. № 23-9 шешімімен (2023 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.11. № 9-9 шешімімен (2023 ж. 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.28.03. № 13-5 шешімімен (2024 ж. 14 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда; Жамбыл облыстық мәслихатының 2024.28.06. № 15-7 шешімімен қосымша өзгертілді (2024 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Жамбыл облыстық мәслихатының
2015 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 40-13 шешіміне
қосымша
Жамбыл облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі
| Р/н | Қатынастың атауы | Қатынастың түрі |
| Ауданаралық қатынастар |
| 1. | Тараз-Шығанақ | Ауданаралық |