«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін кадрларды даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 302 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 15 қарашадағы № 583 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін кадрларды даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 302 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 7 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 7 және 8-қосымшаларға сәйкес толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: