ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасында әдебиет және өнер қайраткерлерін мемлекеттік қолдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мəдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 110 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясына ұсынылатын адамдардың қажеттілікке қарай жаңартылып отыратын дербес құрамын жыл сайын бекітуге ұсынсын.
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 6 тамызда
№ 1391
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 6 тамыздағы
№ 1391 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің
ТІЗБЕСІ