Көмірсутектер саласындағы жер қойнауының стратегиялық учаскелерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2026 жылғы 31 наурыздағы № 132-н/қ бұйрығы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 43-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектер саласындағы жер қойнауының стратегиялық учаскелерінің тізбесін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы | Е. Акбаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің м.а.
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 132-н/қ бұйрығына
қосымша
Көмірсутектер саласындағы стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер